«Астана арландары» Лондонда 2:3 есебімен жеңіліп қалды

«Astana Arlans» командасы Лондонда өткен WSB жартылай финалының алғашқы күнінде «British Lionhearts» боксшыларынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, 49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жомарт Ержан (49 кг) Галал Яфайға жол берді — 0:3 (46:49, 46:49, 45:50), Нұрсұлтан Көшеғұлов (56 кг) Питер Макгрейлді ұтты — 2:1 (48:47, 47:48, 48:47), Самат Бәшенов (64 кг) Пэт Маккормэктен ұтылды — 0:3 (45:50, 46:49, 45:50), Мейірім Нұрсұлтанов (75 кг) Трой Уильямсоннан басым түсті — 2:1 (48:47, 48:47, 47:48), Мұхамеджан Еркін (91 кг) 0:3 (44:50, 46:49, 46:49) есебімен Джосип-Бепо Филипиден жеңілді.

Кездесудің екінші күні мамырдың 27-інен 28-іне қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00-де өтеді. Бокс кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или