А.Мұхамедиұлы: «100 олимпиадалық лицензияға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз»

Қазақстан Республикасы халық алдында есеп беру кездесуі барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық спорт және дене шынықтырудың даму болашағы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына дайындық барысы, сонымен қатар жоғары жетістіктер спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары туралы баяндады.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Арыстанбек Мұхамедиұлының берген ақпараты бойынша, Министрлік спорт саласында Елбасының Жарлығымен бекітілген, Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірледі.

«Жобаның жаңалығы өңірлік спорт қауымдастықтарын қолдауды күшейту, спортты экономика саласы және халықты әлеуметтік қамсыздандырудың маңызды факторы ретінде дамыту болып табылады», - деді түсіндірді министр.

Сонымен қатар Министрлік Стратегиялық жоспарының басты бағыттарының бірі әлемдік спорт алаңында жоғары жетістіктер спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және бұқаралық спортты одан әрі дамыту болып табылады.

Ведомство басшысының ақпараты бойынша салауатты өмір салты және бұқаралық спортпен айналасатын халықтың үлесі жыл сайын артып келеді. Статистикалық мәліметтерге байланысты 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын халықтың үлесі 4,6 млн адам, яғни жалпы халықтың 26,3 % құрайды.

Қазақстандық спорттың халықаралық аренадағы беделі де артып келеді. 2015 жылы қазақстандық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарда 748 жүлде жеңіп алса, «Астана» футбол клубы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алғаш рет жолдама алды.

Бүгін ұлттық құраманың алдында одан да жоғары міндеттер тұр. Олардың арасында - Рио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпиада ойындарында жемісті өнер көрсету және 2017 жылы Алматыда өтетін XXVIII қысқы Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысу.

Айтып кету керек, Алматыда өтетін 2017 жылғы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі енді. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 2000 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар министр Қазақстан ұлттық құрамасы төртжылдықтың басты додасына дайындықтың ақтық кезеңіне кірісті деп хабарлады.

«Бүгінгі таңда отандық спортшылар 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін 23 спорт түрі бойынша 82 жолдама жеңіп алды. Жалпы, 25 спорт түрі бойынша 100 олимпиадалық лицензияға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или