Геннадий Головкин «Айдың үздік соққысы» атағына үмітті

WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин сәуір айында «Айдың үздік соққысы» атағы үміткерлердің тізіміне кірді.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, дауыс беру рәсімін BoxNation телеарнасы жүргізді. Бұл тізімде Головкинмен қатар Эррол Спенс-кіші, Джейми Конлан, Энтони Ярди және Педро Дюран сынды үміткерлер бар. Сүйікті боксшыңызға мына жерден дауыс берсеңіз болады.

Головкин сәуір айында Лос-Анджелесте Доминик Уэйдті екінші раудта нокаутқа түсіріп, атағын сәтті қорғаған еді. Бұл қазақстандық боксшының 35 жекпе-жегіндегі 35-ші жеңісі, оның ішінде 32-ін мерзімінен бұрын аяқтады.

Ол өзінің келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді, дегенмен қарсыластың есімі әлі белгілі болған жоқ. Мүмкін қарсылас ретінде америкалық Дэниел Джейкобс, мексикалық Хильберто Рамирес, ағылшын боксшысы Крис Юбенк-кіші және кубалық Эрисланди Лара сынды боксшылар айтылады. Қазақстандықтың өзі мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шыққысы келетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или