Астанада Олимпиада күні аталып өтеді

29 мамырда елордалық мәдениет және демалыс паркінде қала тұрғындары үшін спорт мерекесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Baq.kz. Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықаралық Олимпиада күніне орайластырылған 60 және 100 метрге жүгіруге ниет білдіргендердің бәрі қатыса алады. Сонымен қатар, парк аумағында бірнеше сайыс өткізіліп, кішкентай балалар Олимпиада тақырыбында суреттер салады.

Барлық қонақтар үшін Олимпиада күні нағыз мерекеге айналмақ, әр адам өзін бүкіләлемдік олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі ретінде сезінеді. Мерекелік шара интерактивті форматта өтеді. Келушілер жүгіру, шағын футбол, үлкен теннис пен үстел теннисі, арқан тарту, дартс, допты себетке дәл тастау бойынша жарыстарда бағын сынайды.

Ересектер қашықтықты бағындырса, балалар көркемдік сайыста күш сынасады. Асфальтқа сурет салу байқауында Олимпиада күнінің белгісін ойлап тауып, салу керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, интерактив көбіне өскелең ұрпаққа бағытталған, бұл балалардың Олимпиада ойындарына деген қызығушылығын оятуға, спорттық рухты дамытуға септігін тигізеді. Атақты чемпиондар Серік Сәпиев, Асхат Жіткеев, Юрий Мельниченко және т.б. фестиваль қонақтары болады.

Биылғы шараның басты ерекшелігі - қаланың әр тұрғыны Риода өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларға арнаған өз тілегін қалдыра алатын қабырға.

Мереке сағат 12.00-де басталады. Сондай-ақ, шара еліміздің көптеген қалаларында және облыстарында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или