Головкин - Альварес жекпе-жегінің өтетін орны аталды

Головкин - Альварес жекпе-жегінің өтетін орны аталды

WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтеді делінген жекпе-жегінің орны аталды.

Boxingnews24.com мәліметінше, тараптар келісімге келіп жатса, Головкин мен Альварес Мексиканың Тәуелсіздік күні 17 қыркүйекте АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан 90 мың адамдық AT&T Stadium стадионында жұдырықтасады. Стадион 2009 жылдың 27 мамырында ашылыпты.

Еске салайық, Альварес титулдан бас тартқаннан кейін, Головкин кәсіпқой бокста титулы ең көп боксшы атанды. Ол енді ағылшын боксшысы, жеңіліп көрмеген Билли Джо Сондерстің WBO белбеуін жеңіп алуы керек.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді, алайда қарсыласы әзірше белгісіз. Таяду GGG қарсыласын жанкүйерлеріне таңдатқан еді. Ал Абель Санчес Головкин - Альварес жекпе-жегі өтетін күнді атаған болатын.

tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или