Күрестен Қазақстан құрамасы Әлем кубогында 4-орын иеленді

Иран Ислам Республикасының Ширазе қаласында грек-рим күресінен Әлем кубогы аяқталды.

Биылғы турнирге әлемнің ең үздік деген 8 құрамасы 2 топқа бөлініп, бақтарын сынады. Қазақстан Ұлттық құрамасы Германия және Беларусь құрамаларымен бір топқа түсті. Бұл біріншілікке Ұлттық құрама сапынан 16 палуан қатысқан болатын.

Қазақстандық палуандар Әлем кубогындағы алғашқы бәсекесін Германия құрамасына қарсы өткізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Беларусь құрамасына қарсы өткен екінші кездесуде де жерлестеріміз 5:3 есебімен ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық палуандар «А» тобының үздігі Ресей құрамасымен жолығып, 1:7 есебімен қарсыластарына есе жіберді. Қазақстан құрамасындағы жалғыз жеңісті Досдан Қартиков өз атына жазды.

Қола медаль үшін күреске Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Түркия құрамасы шықты. Алғашқы 4 кездесудің нәтижесі бойынша қазақстандық палуандар 3:1 есебімен жеңіп келе жатқан еді. Алайда, қорытынды есеп 4:4 болып аяқталды. Жарысты ұйымдастырушылардың шешімі бойынша техникалық ұпай көп болған Қазақстан Ұлттық құрамасы 4-ші орын иеленді.

Грек-рим күресі бойынша Әлем кубогының нәтижесі:

1 орын – Иран құрамасы (Финалда ресейлік палуандарды 8:0 есебімен ұтты).

2 орын – Ресей.

3 орын – Түркия.

4 орын – Қазақстан.

5-6 орын - Әзірбайжан және Беларусь.

7-8 орын - Украина және Германия.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или