Қанат Ислам: «Шүменов - хас батырдың өзі, мен оны үлгі тұтамын»

Қанат Ислам: «Шүменов - хас батырдың өзі, мен оны үлгі тұтамын»

Қазақстандық  боксшы Қанат Ислам бүгін ғана WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта «тұрақты» әлем чемпионы титулын жеңіп алған Бейбіт Шүменовті жеңісімен құттықтады.

«Бүгін өте жақсы күн болды. Таң жақсы жаңалықпен басталды. Мен тез арада Бейбітке хабарласып, жеңісімен құттықтадым. Шүменовтің бүгінгі  жеңісімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! Оның әрдайым жеңіске жетіп, еліміздің көк байрағын көтере беруіне тілектеспін», - деді Қанат Ислам.

«Шүменовтің бокс тағдыры өте қиын. Ол жаттықтырушысыз, менеджер мен промоутерсіз болды. Бокс әлемінде оған талай рет қиындықтар кездесті. Әйтсе де ол мойымады.  Мен оны осы қиындықтарға мойымағаны үшін қатты құрметтеймін.   Мен оны үлгі тұтып, еліктеймін.  Қасында қанша көмекшілері жүрсе де ол жеткен жетістіктерге жете алмай жүргендер бар. Мен үшін ол нағыз батыр іспеттес. Мен онымен сөйлескен кезде ол маған ертең-ақ шаршы алаңға шығуға дайын екендігін айтты.  Адамдар рингке шығу үшін айлап дайындалады ғой, бұл Бейбіттің дайындығының өте жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Және кез келгені бұндайды айта алмайды да», - деді Қанат Ислам.

Еске сала кетейік, Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов америкалық бокшсы Джуниор Райтты жеңіп, WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта «тұрақты» әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Енді Бейбіт Шүменов және Ресей былғары қолғап шебері Денис Лебедев алдағы 120 күн ішінде өзара жекпе-жек ұйымдастыруы керек, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или