Назым Қызайбай: «Соңына дейін жұдырықтасып, жеңіске жеттім»

Астанада өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігін Назым Қызайбай сәтті бастаған болатын. Осыған орай, тұңғыш қазақстан чемпион қыз ҚБФ сайтына сұхбат берді.

— Алғашқы кездесу әрқашанда қиын болады. Бірақ, мен барлық төрт кезеңді жақсы өткіздім. Соңына дейін жұдырықтасып, жеңіске жеттім.

— Анжелика Гронскамен бұрын шаршы алаңда кездестіңіз бе?

— Жоқ. 2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін 51 келіге дейінгі салмаққа ауыстым. Екі жылдан кейін қайтадан ең жеңіл салмақта жұдырықтасуды жөн деп шештім.

— Бұл шешімді қабылдау қиынға соқты ма?

— Аса бір қиын болды деп айта алмаймын. Әрине, айырмашылықтар бар. Әсіресе жылдамдық жағы. Қарсыласымыз екеуміз әдемі бокс көрсетуге тырыстық. Алдағы жекпе-жектерде бұдан да жақсы өнер көрсетім деп ойлаймын.

— Қазір сіздің бұрынғы салмағыңызда Жайна Шекербекова шаршы алаңға шығып жүр. Соңғы ел біріншілігінде сіз оны жеңген едіңіз. Жайнаның әлем біріншілігіндегі мүмкіндіктері қандай?

— Бұл бапкерлердің қабылдаған шешімі болды. Біздің құрама әлем чемпионатына тыңғылықты дайын күйінде келді. Жайна бұл додада өзін көрсете алады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или