Софья Очигава: «Жеңіске жетуге тәжірибем көмектесті»

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік боксшы Софья Очигава қазақстандық Фируза Шәріповаға қарсы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті.

- Жекпе-жектің бұлай тез өтетінін білмедім. Әрине, шаршы алаңда ұзақ уақыт болып, әр түрлі қимылдар, соққылар жасағым келді. Жеңіске жетуімнің басты себебі, әуесқойлар арасындағы бокста ұзақ уақыт жүріп жинақтаған тәжірибем. Қарсыласыма сол қолымнан дәл әрі ауыр соққылар жасадым, ал кездесудің ортасында дұрыс арақашықтықты таңдадым. Бапкерімнің айтқан барлық тапсырмаларын орындай алмадым, алдағы уақытта осы бағытта жұмыс атқарамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или