Литва турнирінде қазақ боксшылары төрт алтын еншіледі

Литва астанасы Вильнюс қаласында ересектер арасында Социкасты еске алуға арналған 20-шы дәстүрлі бокстан халықаралық турнир аяқталды.

Ұлттық құраманың аға бапкерлері Марат Джакиев пен Нұрғали Сафиуллин бастап барған команда боксшылары 4 алтын, 1 күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Қайрат Ералиев, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Ал 60 келіде сынға түскен Берік Әбдірахманов финалда жергілікті боксшы Эдгарас Скурдилиспен кездесіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ұлттық құраманың боксшылары финалға дейін үш кездесу өткізді. Сонымен, қоса Әділбек Ниязмбетов турнирдің үздік боксшысы атанды.

Марат Жақиев, Ұлттық құраманың бапкері:

«Жарыс жоғарғы деңгейде өтті, Олимпиада ойындарының басталуына үш айдан аз уақыт қалды. Ирландияда аяқталған он күндік оқу-жаттығу жиынынан кейін боксшыларды екі топқа бөліп, турнирге әкелген болатынбыз. Көздеген мақстымызға қол жеткізе алдық.

Турнирге Қазақстан құрамасынан алты боксшы қатысқан болатын. Олардың бесеуі финалға шықса, 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуінде ағылшын боксшысы Дактон Смит деген боксшыға есе жіберіп қойды».

kaztv.kaztrk.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или