Әйелдер күресінен 4 балуанымыз Риода сынға түседі
<p style="margin-bottom: 0cm; text-align: justify;">
<font size="4">Әйелдер күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынына жалпы жиынтығы төрт жолдама ғана түсті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. </font></p>
<p style="margin-bottom: 0cm; text-align: justify;">
</p>
<p style="margin-bottom: 0cm; text-align: justify;">
<font size="4">Былтыр Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатынан бері бұрымды балуандарымыз жолдама санын алтауға жеткізе алмағаны өкінішті. Қайрат Сағадиев жаттықтыратын әйелдер құрамасы наурыз айында Астанада өткен Азиялық іріктеу сынында табысты өнер көрсетіп, 48 келіде Жұлдыз Ешімова, 63 келіде Екатерина Ларионова, 69 келіде Эльмира Сыздықова, 75 келіде Гюзель Манюрова <span lang="kk-KZ">О</span>лимпиада жолдамасына иелік еткені жанкүйерлерге мәлім. Сәуір айының соңында Моңғолияда және мамырдың басында Түркияда өткен іріктеу турнирлерінде балуан қыздарымыз ойсырап тұрған 53 және 58 келі салмақ дәрежелеріндегі олимпиада жолдамаларының орнын толтыра алмады. Енді ұлттық құраманың қалған салмақтағы мүшелері Рио-де Жанейро олимпиадасында жүлдері орындар үшін бозкілемде сыналады. Олардың арасында 75 келі салмақ дәрежесінде күресіп жүрген Гюзель Манюрова бұған дейін олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдесін иеленген тәжірибелі балуан. 63 келіде ел намысын қорғайтын оралдық Екатерина Ларионова әлем біріншілігінің жүлдегері. Байрақты додаларда жүлде салып жүрген балуандарымыз Риодан құр қол қайтпайды деген сенім басым.</font></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или