Боксшы қыздарымыз елордада өтіп жатқан әлем біріншілігін жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы қыздарымыз Астанада жалауын желбіреткен бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша 64 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық Зарина Цолоева вьетнамдық қарсыласы Ха Ти Линьнен басым түсті.

75 келіге дейінгі салмақта қарағандылық Виолетта Князева 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері австриялық Кэйтлин Паркерді қапы қалдырды.

Бүгін шаршы алаңға Назым Қызайбай (49 кг), Жайна Шекербекова (51 кг) мен Римма Волосенко (60 кг) шығады. Боксшы қыздарымыздың тартысын Kazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Естеріңізге салып өтсек, елордада өтіп жатқан әлем біріншілігіне жаһанның 67 елінен 285 спортшы қатысып жатыр. Әлем чемпионатында еліміздің намысын 10 боксшы қорғайды. Олар: Римма Волосенко, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Ходжабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева және Юлдуз Маматкулова.

Жарыс күндері жанкүйерлер үшін Барыс Аренаға кіру тегін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или