Головкин Коттомен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) келесі қарсыласы төрт салмақ дәрежесіндегі бұрынғы Әлем чемпионы, пуэрторикалық Мигель Котто(40-5, 33 КО) болуы мүмкін.

Бұл жекпе-жектің\ өткізудің басты себебі, американдық «НВО» телеарнасының тарапынан қызығушылықтың туғаны. Осыған байланысты қос тараптар келіссөз жүргізуді бастап кетті. Головкин-Котто жекпе-жегі жаздың соңында немесе күздің бастапқы айларында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тағайындаған Геннадий Головкин мен WBC белбеуінің иегері мексикандық Сауль «Канело» Альварес (47-1-1, 33 КО) арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Өйткені мексикандық боксшы Генамен жұдырықтасудан өз еркімен бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или