Қазақстан және Сенегал спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады

Қазақстан және Сенегал спорт саласында ынтымақтастықты дамытуға келісті. Бұл туралы ресми келісімге қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Сенегал Республикасы Спорт министрі Матар Баның ресми кездесуі барысында өтті.

Сенегал әріптесімен кездесуді аша отырып, Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан екі мемлекеттің спорт саласындағы ынтымақтастығын дамытуға ерекше қызығушылық білдіріп отырғандығын жеткізді.

«Қазақстанда бұқаралық спорт және жоғары жетістіктер спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарында біздің құрама командамыз он екінші орынға табан тіреді. Бүгінгі күні біз Рио-де-Жанейродағы Ойындарға қызу дайындық жүргізіп жатырмыз. Төртжылдықтың басты спорт додасының қарсаңында Сенегал Спорт министрлігімен маңызды құжатқа қол қою ерекше оқиға болып көрінеді», - деді қазақстандық ведомствоның басшысы.

Матар Ба өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министріне жылы сөздері үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстанға алғаш рет келіп отырғандығы мен жас елоданың көркі, қазақ халқының қонақжайлылығына тамсанып жатқандығын білдірді.

«Мен бұл ынтымақтастыққа өте қуаныштымын, өйткені Қазақстан спорт түрлері бойынша халықаралық додаларда әрдайым жетекші орындар алатын спорт мемлекеті. Сіздің спорт аясында жүргізіп жатқан жұмысыңыз ерекше назар аудартып, сыйластық сезімін тудырады», - деп пікірімен бөлісті Сенегал спорт министрі.

Құжатқа сәйкес тараптар халықтың денсаулығын жақсарту тақырыбында ғылыми-әдістемелік мәліметтермен, мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану саласында ақпаратпен алмасу, ел аумақтарында өтетін спорттық шараларға қатысу арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы екі мемлекеттің байланысын дамыту және нығайтуға келісті.

Сонымен қатар Қазақстан және Сенегал жоғары көрсеткіштер спорты, спорттық диагностика саласында, сондай-ақ жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауда заманауи құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдалану бойынша тәжірибе алмасуға ниет білдірді.

Жақтардың өзара қызығушылықтары аясына спорттық менеджмент және спорттық ғимараттарды басқару мәселелері де енді. Екі мемлекеттің спорттық ведомстваларының басшылары айтып кеткендей, Қазақстан және Сенегал бокс, футбол, жеңіл атлетика және күрес сияқты спорт түрлерінде ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Кездесу соңында министрлер жаңа халықаралық құжат Қазақстан Республикасы және Сенегал Республикасы арасында келісуші жақтардың халықтарының игілігіне ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бастау салатындығына сенім білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или