Риоға кімдердің баратындығы ел чемпионатында анықталады – Алексей Ни

Риоға кімдердің баратындығы ел чемпионатында анықталады – Алексей Ни

Ауыр атлетикадан Рио-де Жанейро олимпиадасында ел намысын кімдердің қорғайтыны ҚР чемпионатынан кейін белгілі болады.

«Рио олимпиадасына кімдердің қатысатындығын қазір айту қиын. Себебі, маусым айының 3-7 күндері Талдықорған қаласында өтетін чемпионаттан соң анық болады», - деді Алексей Ни.

Оның сөзінше, 94 келігей дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алмас Өтешев пен Жасұлан Қыдырбаевтың спорттағы мансабының қалай болары белгісіз. «Олардың допинг дауына қатысты мен ештеңе айта алмаймын. Ол туралы федерация басшылығынан сұрау керек», деп қайырды ол.

Естеріңізде болса, былтыр Хьюстонда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Алмас Өтешев пен қола жүлдегер атанған Жасұлан Қыдырбаев допинг дауына ілінген болатын. Кейіннен олар спорттан бірнеше ай уақытқа шектеліп, сәуір айында Мәдениет және спорт министрі қос спортшының олимпиада ойындарында сынға түспейтіндігін мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или