Допинг дауына ілінгендерді ешкім құтқара алмады – Тимур Құлыбаев

Допинг дауына ілінгендерді ешкім құтқара алмады – Тимур Құлыбаев

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар допингтен таза болуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев спорттық федерациялардың өкілдерімен кездесуде айтып өтті.

ХХІ Жазғы олимпиада ойындарының басталуына үш айдан кем уақыт қана қалды. Олимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан спортшылары осыған дейін 87 жолдаманы иеленіп үлгерді. Енді маусым айындағы іріктеуден кейін жолдама санын жүзге жеткізу жоспарланып отыр. Дегенмен, қазіргі таңда допингтік дауға қатысты мәселе ушығып тұр. Антидопингтік басқосуда Тимур Құлыбаев спортшылардың түрлі дәрі-дәрмектен ада болуы тапсырды.

«Әлемнің алпауыт елдерінің спортшыларының біразы допинг дауына ілігіп, спорттан уақытша шеттетіліп жатыр. Оның салқыны біздің спортшыларды да айналып өткен жоқ. Сондықтан мұның алдын алуда біз қолдан келген барлық мүмкіндік пайдаланатын боламыз. Ұлттық құрамадағы спортшыларымыз түрлі препарадтарға сеніп, себепсіз дәрі-дәрмектерді қолдана бермеуі тиіс. Ертең спортшылар олимпиадаға барып, жүлделі орынға ілінген жағдайға оларға қатысты дау тумауы керек. Бәріміздің жанымыз шын ашитын болса, Риоға біз допинг дауына ілінбестей таза болып барғанымыз жөн. Бұл баршамыз үшін ең басты талап болмақ», деді Тимур Құлыбаев.

Антидопингке қарсы жиында Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Т.Құлыбаев Қазақстан спортшыларының зор мүмкіндігін атай келе, талапқа сай болуы керектігін ескертті.

«Қандай жағдайда болмасын федерацияға сеніп, көмек болады деп жүре беруге болмайды. Тағы да естеріңізге саламын, олимпиада ойындары допинг дауын кешірмейді. Қандай жағдайда болмасын біз сіздерге ондай жағдайда көмек көрсете алмаймыз. Себебі, әлемдік допингті тексеру әдісі жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Егер біздің бір спортшымыздың басы дауға қалғаны оның кесірі тұтас құрамаға тиеді», = деді Тимур Құлыбаев.

Рио-де Жанейро олимпиадасы 2016 жылдың тамыз айының 5-21 күндері аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы төртжылдықтың басты додасына жүзден астам спортшысын аттандыруды жоспарлап отыр. Олимпиадада ел қоржынына боксшылар, ауыр атлеттер және балуандардың жүлде салу мүмкіндігі мол екенін болжанып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или