Ермек Имамбеков: «Біз ойлаған межемізге жеттік»

Ермек Имамбеков: «Біз ойлаған межемізге жеттік»

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ермек Имамбеков Алматыда өткен «Гран-При» додасы туралы, спортшыларымыз жайлы айтып берді.

- Ермек Әбуұлы Гран При жарысы қалай өтті, спортшылардың жетістігі көңіліңізден шықты ма?

- Әрине, Гран При жарысына көңілім толды. Біз ойлаған межемізге жеттік. Атап айтканда, біздің мақсатымыз 4 медаль алу болатын. Біз ол мақсатты артығымен орындадық. Дегенмен әттеген-ай деген тұстар болды. Азамат Мұқановтың медаль үшін сынға түскенде жасаған қателігі оны жарыстан шығаруға түрткі болды. Бұл жарыс Олимпиада жолына соңғы жарыс болатын. Оны Жансай Смағұлов дурыс пайдалана білді. Сондай-ақ, Дастан Ықыбаев, Азиз Қалқаманұлы жолдамаға ие болады деп ойлаған едік. Өкінішке орай, ондай үмітіміз ақталмады.

- Жас толқын Дидар Хамзаға деген көрермендер ықыласы ерекше болды. Өзі де мінезді жігіт екен, оның күресін қалай бағалайсыз?

- Дидар Хамза оза шапты. Басқа спортшыларға қарағанда Дидар Олимпиада жолдамасына бір табан жақын. Алда «Мастерс» турнирі бар. Оған әлемдегі халықаралық дзюдо федерациясының рейтингіндегі алғашқы – 16 спортшы барады. Топ-16 тізіміне енген спортшылардың кейбірі катысудан бас тартса, Дидарға сол жарысқа баруына мүмкіндік туады. Себебі бізге бір жарыс, 18 ұпай керек. Егер мастерске баратын болсақ, 3 орын алсақ жеткілікті.

- Қыздар құрамасының Гран При жарысындағы жетістіктерін қалай бағалайсыз?

- Қыздарға келетін болсақ, 2 жолдама бар. Біріншісі – Галбадрах Отгонцецег. Екіншісі – Ордабаева Мариан. Мариан құрлықтық жолдаманы иеленген болатын. Ал, Гүлжан Исанова да соңғы мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмады. Сондықтан Олимпиадаға екі қызымызды дайындаймыз.

- Осы Гран При жарысын өзге мемлекеттерде өткен осы тәріздес турнирлермен салыстыратын болсақ, не айтар едіңіз?

- Бакуде өткен Үлкен Дулыға турнирінде Әзірбайжан өздері өткізіп, екі-ақ медаль алды. Азия біріншілігін өткізген Ташкентте өзбектерде де алтын болған жоқ. Осы мемлекеттермен салыстырғанда елімізде өткен бұл бәсекені медаль жағынан да, ұйымдастырушылық жағынан да өте жоғары дәрежеде өткіздік деп ойлаймын.

ҚДФ баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или