Алмат Кебіспаев үздік үштікке енуі мүмкін

Биыл Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында ХХХІ Жазғы Олмипиада ойындарының алауы тұтанады. Төртжылдықтың ең басты додасында қазақ грек-рим күресі шеберлерінің арасында 59 келіге дейінгі салмақ бойынша Алмат Кебіспаев ел намысын қорғайтын болады. Олимпиада ойындарында ел үміт күткен спортшыларды таныстыру мақсатында Алмат Кебіспаев туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Анықтама:

Алмат Қабдырашұлы Кебіспаев

Туған жылы: 12.12.1987

Туған жері: ШҚО, Үржар ауданы

Спорт: грек-рим күресі

Отбасылық жағдайы: үйленген

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Жетістігі: Лондон олимпиадасына қатысушы (5-орын), әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері (қола медаль – Мәскеу-2010, күміс медаль – Стамбул-2011, қола жүлде – Лас-Вегас-2015), Азия чемпионы – Ташкент-2011, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Паттая-2009, Универсиада ойындарының қола жүлдегері, Қазан-2013, Азия Ойындарының қола жүлдегері, Инчхон-2014. И.Поддубный атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Алмат Кебіспаев – классикалық күресте айтулы табысқа жеткен балуан. Ұлттық құрамаға алынғалы ел намысы сынға түскен халықаралық жарыстың барлығында дерлік айтулы табыстарға қол жеткізе алды. Әттеген-айы, Алматтың ХХХ Жазғы Олимпиада Ойындарында қола жүлде қол созымда тұрған сәтте сәтсіздікке ұшырап, күтпеген жерден жеңісті қарсыласына беріп қойғаны өзекті өртейді.

А.Кебіспаев грек-рим күресіндегі әлемнің ең мықты балуанның бірі саналады. Содан болар ол қатысқан додалардың көбінен құр алақан қайтқан емес. Бүгінде оның ең басты бәсекелестері болып әзербайжандық Равшан Байрамов, ирандық Хамид Суриан, өзбекстандық Елмұрат Тасмұрадов саналады. Рио-де Жанейрода өтетін сында оның жүлдегер атанатын мүмкіндігі зор. Спорт сарапшылары А.Кебіспаевтың олимпиада ойындарында кемінде қола жүлдегер атану мүмкіндігі барын болжайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или