2008 жылғы Олимпиадаға қатысқан спортшылардан допинг табылды

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына алты спорт түрінен қатысқан отыздай атлет Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Өйткені олардың сегіз жыл бұрын тапсырған сынамалары қайтадан допинг тексеруден өткізілді.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) сегіз жыл бұрынғы 454 сынаманы жаңа ғылыми әдіспен тексерген соң осылай мәлімдеді. Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысуы мүмкін спортшылардың сынамалары ғана тексерілген.

Бірақ, қайсы елдердің атлеттерінің сынамасы жарамсыз болғаны әлі жария етілмеді.

ХОК Атқарушы комитеті спортшылары күдікке ілінген елдердің ұлттық Олимпиада комитеттерімен бірге тергеу жүргізуге қаулы етті. Егер спортшыларға қатысты күдік расталса онда Риода жарысқа қатысуларына тыйым салынады.

Сонымен бірге, ХОК 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы 250 допинг сынамасын қайта тексеруді ұсынды.

kaztv.kaztrk.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или