Абель Санчес: «Головкин сияқты орта салмақ дәрежесінде ешкім үздік болған емес»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының алдағы жоспары жайлы айтып берді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Головкин сияқты орта салмақ дәрежесінде ешкім үздік болған емес. Бокс тарихында мұндай боксшыны есіме түсіре алмаймын», - деп бастады Абель. </p>
<p style="text-align: justify;">
«Егерде Головкин келесі кездесуінде Альвареспен жұдырықтаспаса, онда ол Дэниэл Джейкобспен төбелеседі. Геннадийге лайық қарсылас табу өте қиын. Біз ешқашанда «Канеломен» жекпе-жекті аңсаған емеспіз, бізге керегі оның WBC белбеуі. Ол Генаның төртінші чемпиондық титулы болмақ. Головкин орта салмақ дәрежесіндегі барлық белбеуді жинағысы келеді», - деп қорытындылады мексикалық маман. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или