Қанат Ислам: «Елімнің қолдауын әрбір сайыс барысында сеземін»

Мен елімнің қолдауын әрбір сайыс барысында сеземін. Сол үшін еліме ризамын! Бүгін АҚШ-тан Алматыға ұшып келген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

«Мен әр кез сайысқа шыққанда, оны теледидардан көрсетсін-көрсетпесін, артымда қазақ деген ұлтымның тақымын қысып отыратынын жүрегіммен сеземін. Халқымның қатты тебіреніп, менің кішкентай болсын, үлкен болсын, әр жолғы сайысыма көңіл бөліп отыратындығын білемін. Сондықтан, бұл жеңісімді де сол халқым қолдаған жеңістерімнің қатарына жатқызамын», - деді Қанат Ислам.

Сонымен қатар, ол колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен болған жекпе-жекке тыңғылықты дайындалғандығын айтты.

«Ол оңай қарсылас емес еді. Оның да өзіне тән жетістіктері бар. Ол ірі, менен күштілеу жігіт. Сондықтан, салған жерден соққыласпай, әліптің артын бағып, оны көп жүргізіп, шаршатуды ұйғардық. Негізі қатты соққылар жасауды алтыншы-жетінші раундқа жоспарлаған едік», - деді Қ. Ислам.

Бұдан басқа, ол осы жеңісінің үлкен әлемдік додаларға жол ашып жатқандығын атап өтті.

«Қазір маған әр түрлі тұжырымдар бойынша әлем чемпионы атағына таласуға ұсыныстар түсіп жатыр. Алла бұйырса, енді сол додалардың біріне дайындалуымыз керек. Ал алдағы жылдары ең маңызды сайыстарымның бірін Қазақстанда өткізгім келеді», - деді Қ. Ислам.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или