Магаданда қайтыс болған боксшыны Қазақстанда жерлейді

Ми жарақатын алып, қаза тапқан боксшыны Қазақстанда жерлейді, деп хабарлады inform.kz.

Қайтыс болу себебін анықтаған соң, әкесі мүрдені отанына алып келмек. Магадан облыстық бокс федерациясы бар шығынды өз мойындарына алмақ.

Валерий Попенченко жүлдесіне мемориал-турнир кезінде ауыр жарақат алған 19 жастағы боксшы Владислав Щукин 10 күн жасанды комада болды. Жарыс алдында боксшы жан-жақты медициналық тексеруден өтіп, турнирге рұсқат алған.

Мамандардың айтуынша, миындағы қанды ісік Магадандағы турнирдің бірінші күніне дейін болуы мүмкін. 16 мамырда омбылық боксшы ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Қаза болу себебі – ми жарақаты.

«Қазір өлімінің нақты себебі анықталу үстінде. Щукиннің әкесі Қазақстанда тұрады. Спортшы да сол жақта туған. Ресімдеуден өткен соң, оны еліне алып кетеді. Барлық шығынды Магадан облыстық бокс федерациясы көтереді», - деді Магадан бокс мектебінің директоры Петр Бурмистров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или