Астанадағы әлем чемпионатында 12 олимпиадалық жолдама сарапқа салынады

Астанадағы  әлем чемпионатында 12 олимпиадалық жолдама сарапқа салынады

Астанада өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аясында Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға 12 жолдама сарапқа салынады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Рио-2016 олимпиадалық жолдамалары: 51 келіге дейінгі, 60 келіге дейінгі және 75 келіге дейінгі үш салмақ санатында ойналады. Әр санатта төрт жолдамадан болады.

Еске сала кетейік, Астанадағы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 19-27 мамыр күндері «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді. Қазақстан он салмақ санатында 10 қызды үкілеп қоспақ. Құрама құрамында астаналық Римма Волосенко, Валентина Хальзова және Ләззат Күнгейбаева кірді.  Сондай-ақ рингте Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Қожабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева және Юлдуз Маматкулова ел намысын қорғайды.

Чемпионатқа 326 боксшы қатыспақ - бұл әйелдер чемпионаты үшін рекордтық сан. Әлем біріншілігінде Иордания, Мозамбик және Сьерра-Леоне өкілдері алғаш рет қатысқалы отыр.

«Алтыннан» дәмелілердің қатарында ирландық Кэти Тейлордың, үндістандық спортшы Мэри Комның, американдық Кларессу Шилдстің, британдық Никола Адамстың және қытайлық Рен Канканның есімдері аталып жүр.

Командалардың көпшілігі Астанаға келіп жетті, олар үш базада - боксты дамыту орталығында, «Толқын» спорт кешенінде және Астана-Аренада жаттығып жатыр. Біздің спортшылар АҚШ, Финляндия және Черногория командаларымен бірлескен жаттығулар өткізді.

«Астанадағы әлем чемпионаты кезекті рет бүкіл әлемдегі әйелдер боксының мәртебесін көтереді, - деп мәлімдеді АІВА президенті Чинг-Куо Ву. - Біздің бәріміз де оған аңызға айналған чемпиондар мен жас таланттар қатысатынын мақтан етеміз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или