Канаданың 130-ға жуық өкілі Алматыдағы Универсиадаға келеді

Канадалық хоккейшілер Алматыда өтетін Универсиадада Қазақстан құрамасымен ойнағысы келеді. Бұл туралы Канаданың студенттік спорт федерациясының өкілі Лиа Таха Ченг almaty2017.com сайтына берген сұхбатында мәлім етті.

Канада федерациясы өкілінің хабарлауынша, Алматыдағы жарысқа, бұл елден 130-150 адамнан тұратын делегация келмек.

«Өткен Қысқы Универсиадаларда жалпы медальдық көрсеткішпен көш бастамасақ та, Канада әрқашан ерлер және әйелдер хоккейінен, ерлер және әйелдер керлингінен, шорт-тректен сәтті өнер көрсетіп келеді. Біз қазір Канада құрамасының сапында нақты қанша адам болатынын айта алмаймыз. Өйткені, спортшыларды іріктеу кейінірек басталады. Дегенмен, делегациямызда 130-150 шақты адам болады деп ойлаймыз», – деді Лиа Таха Ченг.

Бұдан бұрынырақ, Канаданың студент – спортшылары 1981, 1991, 2007, 2011 және 2013 жылдары алтын медаль алған. Бұл жүлделер хоккейден Канаданың ерлер құрамасына тиесілі. Ал, әйелдер хоккейінен үш мәрте алтын алған. 2009, 2011 және 2013 жылдары. Және 2015 жылы күміс еншілеген. Керлинг бойынша алты рет өткен жарыста әйелдер құрамасы төрт рет (1 алтын және 3 күміс) және ерлер арасында екі рет (1 алтын және 1 қола) медаль еншілеген. Шорт-тректен Канада елі 42 медаль (8 алтын, 18 күміс және 16 қола) ұтып алған.

Сонымен қатар, Федерация өкілі Қазақстан жайлы пікірімен бөлісіп, екі ел арасында хоккейден өтетін жарысты асыға күтіп жүргенін жеткізді.

“Қазақстан – ерекше мекен. Кейбір канадалықтардың ғана Қазақстанды саяхаттауға мүмкіндігі болғанын айтуға болады. Бұл бірден-бір мәдени алмасу. Ал спорттық тұрғыдан келгенде, Қазақстан соңғы қысқы Универсиада ойындарында ерлер хоккейінен біздерге бәсекелестік тудыра білді және ұлттық спортымыз саналып кеткен спорт түрінде біздің ел үшін басты қарсыластардың бірі болды. Біз тағы да Қазақстан құрамасымен өз жанкүйерлерінің көзінше ойнағымыз келеді“.

Сөз соңында Лиа Таха Ченг жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. «Біздің көптеген студент-спортшыларымыз үшін, Универсиада өмірлеріндегі ең жоғары дәрежедегі жарыс жолы болуы мүмкін. Олардың көпшілігінде Универсиадаға қатысқанға дейін шетелдерді көру мүмкіндігі болмады. Сондықтан, Универсиада олардың тек қана спорттағы емес, жалпы көкжиектерін кеңейтеді“, – деді Канада студенттер спорты федерациясының өкілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или