Қазақстандық керлингшілер Еуропада өткен халықаралық жарыста екінші орын алды

Қазақстандық керлингшілер Еуропада өткен халықаралық жарыста екінші орын алды

Қазақстандық керлинг спортының шеберлері Германияда өткен халықаралық турнирге қатысып, күміс жүлде еншіледі. Сайыс Хемниц қаласында өткен. Барлығы 5 құрама өзара мықтыны анықтаған.

Қазақстан аталған жарысқа 3 команда апарған. Күміс медальды Петпропавлдан барған командамыз жеңіп алған. Ал Астана мен Алматыдан ат басын бұрған тағы екі командамыз 5-ші және 6-шы орындарға жайғасқан. Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктор Кимнің айтуынша, Германияда өткен жарысқа бірнеше жастар қатысқан. Және олардың дені келер жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға қатыспақ.

«Жігіттер бұл жарыста барын салды. Бүкіл ерік-жігерін сарпыды. 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға тыңғылықты дайындалуда. Күніне 3-4 жаттығудан өткізіп жүр. Және Еуропада өтетін басқа да сайыстарға қатыспақ. Олар осылай мол тәжірибе жинап, елімізде өтетін Универсиадаға сақадай-сай дайын болады деп есептейміз»,-деді Виктор Ким

Айта кету керек, қазір керлингтен жастар құрамамыз Еуропада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық мақсатында, алдағы күндері Чехияда өтетін дәстүрлі халықаралық турнирге қатыспақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или