Маурисио Сүлейман: «Канело» Головкинмен жұдырықтасқысы келеді»

Маурисио Сүлейман: «Канело» Головкинмен жұдырықтасқысы келеді»
<p style="text-align: justify;"> <strong>WBC президенті Маурисио Сүлейман мексикалық Сауль Альварестің орта салмақ дәрежесінде WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкинмен кездескісі келетінін айтты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Келіссөздер жақсы өтуде. &laquo;Канело&raquo; маған Ханмен жекпе-жек алдында және кездесуден кейін Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Альварес әдемі жеңіске жетті, енді ол Геннадиймен кездесуге ниетті. Бүкіл әлем бұл жекпе-жекті аңсап жүр. Қос боксшы қазір нағыз бабында, бұл &laquo;жыл айқасы&raquo; болатыны сөзсіз&raquo;, &mdash; деді Сүлейман Boxing Scene сайтына.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или