«Ролан Гарростың» іріктеу кезеңінде жеребе тартылды

Парижде «Ролан Гаррос» турнирінде ерлер арасындағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Франция ашық чемпионатының негізгі кезеңіне өту үшін үш қазақстандық бан сынайды.

Іріктеу кезеңінің бірінші айналымда Александр Недовесов неміс Михаэл Беррермен (113-ракетка) күш сынасады. Ал Дмитрий Попкоға швед Элиас Имер (519-ракетка) қарсы тұрмақ. Андрей Голубев болса, словакиялық Йозеф Коваликпен (472-ракетка) кездеседі.

Айта кетейік, Франция ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде 128 теннисші өнер көрсетеді, оның 16-сы негізгі кезеңге жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или