Головкин: «Еліміз Олимпиадада боксшыларымыздан алтын медальдар күтуге құқылы»

Орта салмақтағы WBA/IBF/IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Рио-де-Жанейродағы Олимпиадағы баратын Қазақстан боксшыларына сәттілік тілеп, еліміз спортшылары барынша көбірек алтын медаль алатынына сенім артты.

«Қазақстанда бүгінде бокспен айналысу үшін әлем бойынша үздік жағдайлар жасалған. Қазақстандық бокс басшылығының осындай қолдауы аясында бұл жолдамаларды иелене алмау ұят болар еді. Осы ретте Қазақстан халқы боксшыларымыздан алтын медальдарды күтуге құқылы. Қазақстан құрамасына сәттілік тілеймін. Бұл Олимпиада ойындарында біздің Ту көп рет көтеріледі және Әнұранымыз барынша көбірек шырқалады деп күтемін»,-деді Г. Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазғы Олимпиада Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 2016 жылғы 5-21 тамыз аралығында өтеді. Онда 33 спорт түрінен 301 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

kaztv.kaztrk.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или