Алматыда жаңа Дзюдо академиясы ашылды

Алматыда жаңа Дзюдо академиясы ашылды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Кеше Алматы қаласында жаңа Дзюдо академиясының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды fdk.kz.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Дзюдо академиясының ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, халықаралық дзюдо Федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо Федерациясының төрағасы Кеңес Рәкішев қатысты.</p> <p style="text-align: justify;"> Жаңа дзюдо Академиясы барлық халықаралық талаптарға сай салынды. Аталмыш спорт кешеннің ішінде төрт татами, жаттығу залы, қонақ-үй мен тамақтану орталығы бар. Мұнда дзюдодан Ұлттық құрамасы және жас спортшылар жаттығады. Сондай-ақ, Академияда халықаралық оқу-жаттығу жиындар мен түрлі семинар, шеберлік-сыныптар өткізіледі. &nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или