Юкка Тирри: «Біздер озық нысандардағы жоғарғы деңгейлі жарысты күтудеміз»

Финляндияның Ұлттық Олимпиада Комитетінің спорт менеджері Юкка Тирри almaty2017.com сайтына берген сұхбатында, Алматыдағы қысқы Универсиададан не күтетіні жайлы әңгімеледі.

«Алдын-ала есеп бойынша, Финляндиядан қысқы Универсиадаға 40 пен 60 атлет аралығында келмек. Спортшылардың денін хоккейден әйелдер құрамасы құрауы мүмкін. Ал ресми өкілдерді қосқанда, делегациямызда 70-90 адам болмақ», – деді Юкка Тирри.

Финляндия Ұлттық Олимпиада Комитетінің өкілі, құрамаларының 2013 жылғы Трентинодағы жарқын жетістіктері туралы айтып берді. Сол жылы Финляндия құрамасы 8 медаль еншілеген (3 алтын, 2 күміс және 3 қола). Ал, Универсиадаларға 1963 жылдан бастап қатысып, 54 жүлде жеңіп алған. Юкка Тирри Алматыдағы Универсиада финляндиялықтар үшін сәтті болатынына сенім білдірді.

«Біздер алдыңғы қатарлы нысандарда, жоғарғы деңгейдегі жарыстың күәсі болғымыз келеді. Мақсатымыз- алдыңғы Универсиадалардан қарағанда, алда өтетін жарыста мейлінше жақсы өнер көрсетуге тырысу. Әр Универсиаданың өзінің ерекшелігі бар. Және Алматыда өтетін доданың біздерге не әзірлеп жатқанын асыға күтеміз. Біздің құрамадағы азаматтардың біразы Алматыға бұдан бұрын табан тіремеген. Және бізге Қазақстан сонысымен қызық болады»,- деді Ю.Тирри.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или