Ауылды жаппай спортқа баулу бойынша «3.2.1 Старт!» жобасы жүзеге асырыла бастады

Елімізде ауылдық мектептердегі дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жағдайларын жүйелі түрде жақсартуға бағытталған «3.2.1 Старт!» жобасы аясында Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ынтымақтастық меморандумына Орталық Азияның «Еуразия» қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі қол қойды. Ал осы құжатты жүзеге асырудың бас демеушісі «Coca-Cola» компаниясы және «Болашақ» қауымдастығы.

Былтырғы көктемде басталған бұл жоба Ақмола облысы Аршалы ауданындағы оқушылардың спортпен шұғылдануын ұйымдастыру ісіне елеулі өзгерістер енгізіп үлгерді. Аудан әкімі аппараты өкілдерінің атап өткендеріндей, бұл шара оқушылардың спорттық жетістіктеріне оң әсерін тигізіп, оның жемісті нәтижелері іс жүзінде көрініс табуда.

«3.2.1 Старт!» жобасының концепциясымен және нәтижелерімен танысқаннан кейін біз жобаға жүйелі түрде қолдау көрсетуге, ауыл балалары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнап шеберлік сыныптары мен тренингтер ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдадық. Біздің жоспарымызға сәйкес, «3.2.1 Старт!» жобасын бірлесе жүзеге асыру арқылы ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдану көрсеткішін кем дегенде екі есе арттыруға болады»,-дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

«3.2.1 Старт!» жобасының арқасында Аршалы ауданының командасы бір жыл ішінде облыс көлеміндегі спорттық жарыстар деңгейінде орасан зор серпіліс алды. Мысалы, «Ақ бидай» спартакиадасында балалар жалпыкомандалық есепте өз рейтингін 16-орыннан 11-орынға дейін көтерді. Ал, «Хрустальный колос» спартакиадасында көрсеткіштерін 7 позицияға жақсартып, облыс бойынша 10-орынға ие болды. Жоба Ақмола облысында бір жыл бойына жалғасуда. Қазір аудандағы 19 ауылдық мектептерде дене шынықтыру – балалардың асыға күтетін сабағы. Жаңадан жабдықталған спорттық залдарда жаттығулар кезегі сабақ кезінде де, одан кейін де үзілмейді»,-дейді Ақмола облысы Аршалы ауданының Ішкі саясат басқармасының басшысы Айнұр Өтеева.

А. Өтееваның сөзіне қарағанда, жобаның бірінші кезеңінде басты назар толық қамды дене шынықтыру дәрістеріне қажет инфрақұрылымдық базаны құрастыруға бағытталды. Бүгінгі таңда, бірінші кезең нәтижелерін саралай отырып, жобаны жүзеге асыруды жалғастырып қана қоймай, бар күшті оның әдістемелік тұсына бағыттау көзделген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или