Зарина Дияс Словакияда ширек финалға шықты

Зарина Дияс словакиялық Трнавада өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирде ширек финалға жолдама алды.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші голландиялық Аранта Русты екі сетте жеңді – 6:2, 6:3. Осылайша, бұл теннисшілер арасындағы өзара кездесу бойынша есеп теңесті – 1:1.

Ширек финалда Дияс польшалық теннисшілер Магда Линетт пен Паула Каняның жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или