Дана Уайт: «Мейуэзер мен Макгрегордың жекпе-жегін өткізу мүмкін емес»
<p style="text-align: justify;">
<strong>UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, жартылай жеңіл салмақта Конор Макгрегор мен кіші Флойд Мейуэзердің жекпе-жегін ұйымдастыру мүмкін емес.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мәселені басқа жағынан қарайық. Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейуэзер бірдей спорт түрінде өнер көрсетеді. Олардың кездесуі туралы келіссөз қанша уақытты алды? Ал енді Мейуэзер мен Макгрегордың жекпе-жегін ұйымдастыру қаншалықты қиын болатынын ойлаңыздар, олар, тіпті, бір спортта өнер көрсетпейді. Бұл жекпе-жегін қандай ережемен өтеді? ММА-дің бе, әлде бокстың ба? Кім табыстың басым бөлігін алады? Сұрақтар көп. Бұл жекпе-жек мүмкін емес. Бірақ тағы да айтайын: «Флойд, Конормен жекпе-жек өткізгің келсе, маған хабарлас», - деді Уайт.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или