«Kazsport» «Grand Prix» жарысын көрсетеді

13-15 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін дзюдодан «Grand Prix» халықаралық жарысын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл додаға 98 елден 600-ге жуық спортшы қатыспақ. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, алаң иелері әр салмақ дәрежесі бойынша төрт спортшыға дейін қатыстыра алады.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін «Grand Prix» турнирінің ресми ашылу салтанаты 13 мамырда сағат 16.30-де өтеді. Іріктеу белдесулері сол күні сағат 10:00-де басталса, финалдық кездесулер сағат 17:00-де болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или