Ақмолалық спортшылар Азия біріншілігінде 5 алтын олжалады
<p style="text-align: justify;">
<strong>Ақмола облысының спортшылары армрестлингтен Азия біріншілігінде бес алтын медаль олжалады, деп хабарлайды BNews.kz.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Өзбекстан астанасында жасөспірімдер, жастар, ересектер, әйелдер, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында армрестлингтен XV Азия чемпионаты өтті. Ташкентте жалауын желбіреткен дүбірлі додаға Ирак, Индонезия, Үндістан, Пәкістан, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Корея Республикасы, Жапония және Өзбекстаннан 400-ден аса спортшы жиналды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Байрақты бәсекеге Өзбекстанның армрестлинг федерациясы мен мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп Азия армрестлинг федерациясы (AAF) мұрындық болған. Ақмола облысынан ат терлетіп барған саңлақтар бес алтын, екі күміс және дәл сонша қола медаль еншіледі. Сондай-ақ үш спортшы ХДСШ нормативтерін орындады, деп мәлімдеді «Ақмола Медиа Орталығынан». </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или