Михаил Кукушкин Римде Энди Марреймен кездеседі

Михаил Кукушкин Римде Энди Марреймен кездеседі

Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Internazionali BNL d´Italia турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 87-інші ракеткасы Михаил Кукушкин хорватиялық Борна Чоричпен күш сынасты.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, 28 жастағы Кукушкин тісқаққан теннисші болса, Б.Чорич небәрі 19 жаста ғана. Жастығына қарамастан, Б.Чорич әлемдік рейтингіде үздік елуліктің қатарына кіреді.

Аса тартысты өткен матчтың бірінші партиясында М.Кукушкин тай-брейкте 7:6 есебімен ұтты. Екінші сетте Б.Чорич 7:5 есебімен есе қайырды. Шешуші, үшінші партияда М.Кукушкин өзінің шеберлігін көрсете білді. Есеп 5:3 болып тұрған сәтте матчболды пайдалана алмаған қазақстандық теннисші қарсыласы доп берген кезде жақсы ойнай алды. Сөйтіп қайта брейк жасап, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Енді Рим турнирінің екінші айналымында М.Кукушкин әлемнің маңдайалды теннисшілерінің бірі, осы жарыстың 2-інші ракеткасы, атақты Энди Марреймен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, жүлде қоры 4,3 млн еуродан асатын Рим турниріне Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарынан сәтті өтіп, негізгі жарысқа жолдама алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или