Есту қабілеті нашар спортшылардың арасында өткен әлем чемпионатында үш медаль алдық

Қазақстандықтар Тегеранда есту қабілеті нашар спортшылардың арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатында бір күміс және екі қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті.

«Ғасыр Тұрғынбай кадеттер арасында 69 келі салмақ дәрежесінде екінші орын алды.

Жасөспірімдер санатында Шәдияр Пернеш (58 келі) пен Ғалымбет Молдашев (66 келі) көзге түсті, олардың екеуі ІІІ орынды жеңіп алды», - делінген Kazakhstan Wrestling Online-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы хабарламада.

Иранға есту қабілеті нашар сполртшылардың арасындағы грек-рим және еркін күрестен әлемдік біріншілікке 20-дан астам елден 200-ге жуық палуан келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или