Үшкемпіровтің мерейтойы құрметіне Халықаралық турнир басталды

Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында грек-рим күресінен қазақтың Тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің 65 жылдық мерейтойына арналған жастар арасында Халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 16 команда, сонымен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения және Түркия елдерінен 200-ден астам палуан қатысып жатыр. Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов Жақсылық Үшкемпіровтің спортшы ретінде көпшілікке жақсы таныс екенін, сонымен қатар, бүгінгі күні кәсіпкер ретінде ауыл шаруашылығының өркендеуіне де зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ туған ауылына спорт кешені мен балабақша салып, жатақхана тұрғызып бергенін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін дамытудағы белсенділігін де тілге тиек етті. Сөзінің қорытындысында мерейтой иесін құттықтай келе, облыс әкімі А.Баталов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, 1975, 1980 жылдары КСРО чемпионы, 1981 жылы Норвегияның Осло қаласында өткен Әлем біріншілігінің жеңімпазы, 1982 жылғы Әлем кубогінің иегері (Венгрия, Будапешт).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или