Алматыда 98 елдің 600 дзюдошысы бақ сынайды

13-15 мамырда Алматыда өтетін дзюдодан «Grand Prix» турниріне 98 елден 600 спортшы қатысады, деп хабарлайды BNews.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша, Қазақстан құрамасы боз кілемнің иесі ретінде әрбір салмақ дәрежесінде төрт спортшыдан қатыстыра алады.

«Grand Prix» турнирі Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Оның салтанатты ашылуы 13 мамыр сағат 16.30 басталады. Жеребе тастау рәсімі 12 мамыр сағат 14.00-ге белгіленген», – деп хабарлайды Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 100 000 доллар. Бірінші орын алған спортшыға - 2400 доллар, жаттықтырушыға 600 доллар сыйақы қарастырылған. Екінші орын алған спортшы – 1600 доллар, жаттықтырушы 400 доллар алса, ал үшінші орын иеленген спортшы 800 доллар, жаттықтырушысы 200 доллар сыйақы алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или