41 жастағы гимнасшы жетінші рет Олимпиадаға қатысады

41 жастағы гимнасшы жетінші рет Олимпиадаға қатысады

Өзбекстандық гимнасшы Оксана Чусовитина Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпия ойындарына қатысатын болады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Чусовитина кезінде спорттық гимнастикадан Олимпиада чемпионы болған. Спорттың осы түрімен 25 жылдан бері айналысып келеді. Олимпиадаға алты рет қатысқан екен. Биылғы Ойындар оның жетінші жарысы болады. Оксана Чусовитина биыл 41 жасқа толады. Расын айту керек, бұған дейін гимнасшылар арасында ешкім 41 жасында Олимпия ойындарына қатысып көрген емес. Сондықтан өзбекстандық спортшы төрт жылда бір айналып келетін дүбірлі дода тарихында жасы ең үлкен гимнасшы атанады.

Әріптестері оны қалжыңдап «әже» деп атайды екен. Оксана мұндай қалжыңды көтереді. Ол өзін әлі 17 жастағы бойжеткен сияқты сезінеді. Гимнасшы Өзбекстанда туып-өскен. Соңғы кездері Германия құрама командасында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или