Августин: «2017 жылғы Универсиада FISU тарихындағы ең үздігі болмақ»

Августин: «2017 жылғы Универсиада FISU тарихындағы ең үздігі болмақ»

FISU-дың Алматыға инспекциялық сапары барысында қысқы Универсиадалар директоры Милан Августин Универсиадаға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын және ойындарды ұйымдастыру комитетімен жемісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

«FISU мен ұйымдастыру комитетінің бірлесе ұйымдастырған бұл жұмыс сапары барысында біз, дайын болуы тиіс көптеген тапсырмалар мен құжаттарды жүзеге асырдық. Біз ұйымдастыру комитеті мен FISU арасында диалог жүргізудеміз. Әртүрлі құжаттарға түзету енгізудеміз. Тек қана құжаттарға ғана емес, тәжірибелік көзқарас бойынша ұйымдастыру комитетінің не істеу керектігі жайында да»,- деп атап өтті Милан Августин.

Сондай-ақ, FISU-дың қысқы Универсиада директоры, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға қатысуға өтініш білдірген 60-тан астам мемлекет, ұйымдастыру комитетіне риза болатынына шүбә келтірмеді.

«Қазақстан әлем халқына тек бизнестен емес, спорттық жетістіктерімен де жақсы таныс. Бұл жерде Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеткілікті. Менің ойымша, Қазақстан Универсиаданы өз деңгейінде, сәтті өткізеді. FISU тарихында, Алматы Универсиадасы ең сәтті әрі озық болады деп сенеміз», – деді қысқы Универсиадалар директоры Милан Августин.

Айта кету керек, бұл күндері Алматыда FISU делегациясының инспекциялық сапары өтуде. Олар сапары барысында, Алматының Универсиадаға дайындығын бақылап, 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының қызметкерлерімен кездесудер өткізуде.

almaty2017.com сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или