Қазақстандық спортшы пауэрлифтингтен Азия кубогында әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық спортшы пауэрлифтингтен Азия кубогында әлемдік рекорд орнатты

Алматыда өткен WRPF тұжырымы бойынша пауэрлифтингтен Азия кубогында қатарынан бірнеше әлемдік рекорд орнатылды.  Солардың бірі қазақстандық Марианна Гаспарянға тиесілі.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, үшсайыста өнер көрсеткен тараздық спортшы Марианна Гаспарян өз салмақ дәрежесінде және тағы екі салмақ бойынша әйелдер арасында 532,5 кг нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Азия кубогының жүлде қоры 7000 долларды құрады.

«WRPF Kazakhstan Федерациясы Қазақстанда пауэрлифтингті дамыту мақсат етеді. Жаңа буын спортшыларды салауатты өмір салтына тарту аса маңызды. Бүгінгі күн қабілетті жастардың өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Енді олардың өздерін танытуына мүмкіндік беруіміз керек», – деді пауэрлифтингтен спорт шебері, жарысты ұйымдастырушы Валихан Тен.

WRPF тұжырымдамасы бойынша пауэрлифингтен Азия кубогы Қазақстанға алғаш рет өткізілді. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина елдерінен спортшылар қатысты. Аталған жарысты алдағы уақытта  тұрақты өткізіп тұру жоспарда бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или