Астанада «Олимпиадаға 100 күн» атты ауқымды шара өтті

Астанада «Олимпиадаға 100 күн» атты ауқымды шара өтті

«Хан Шатыр» сауда орталығы маңындағы спорт алаңында жазғы Олимпиада ойындарына үш айдан астам уақыт қалуына орай арнайы шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Іс-шараны ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Жиынға арнайы келген елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанадан аттанатын спортшылардың қатары көп екендігін баса айтты. Әрі қала басшысы оларға сәттілік тіледі.

«Олимпиадаға 100 күн қалды. Оған біздің де спортшылар қатысады. Ел спортшылары бүгінге дейін 82 жолдама алған болатын. Бір атап өтерлігі, Астана қаласы 13 лицензия ұтып алды. Бұл үлкен көрсеткіш. Президенттің тапсырмасы бойынша оларға барлық жағдай жасалып жатыр», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, шараға ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин, атақты спортшылар  Юрий Мельниченко, Гүзел Манюрова, Данияр Елеусінов, Асхат Жіткеев, Арман Чилманов, Дариға Шәкімова, Ләззат Күнгейбаева, Юрий Щукин, Сабина Әшірбекова қатысты.

«Олимпиадаға 100 күн» шарасы аясында көкке 100 шар ұшырылды. Спорттық аймақтар ашылып, ұлттық федерациялар бокс, күрес, велоспорт, таеквондо, дзюдо, ауыр атлетика, триатлон, теннис сияқты олимпиадалық спорт түрлерінен арнайы шеберлік сабақтары мен түрлі байқаулар өткізді.

Айта кетейік, акцияның басты мақсаты – олимпиадалық ойындарды насихаттап, Рио Олимпиадасына баратын спортшыларға қолдау білдіру.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или