Андрей Невзоров: «Универсиада - қысқы спорт түрлері кадрларының тапшылығын жояды»

Универсиада-2017 ойындарын өткізу қысқы спорт түрлері кадрларының тапшылығын жоюға септеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Шаңғы жарыстары федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров мәлім етті.

«Мұндай деңгейдегі кез келген спорттық шара спорт үшін және Қазақстанның имиджі үшін тың серпін береді. Біздің еліміз қыс мезгілінен құр алақан емес, қар қалың түседі. Яғни, спортшыларды қысқы спорт түрлеріне жоғары деңгейде дайындауға, зор нәтижелер көрсетіп, жеңіске жетуге мүмкіншілік мол», - деді ол.

Сондықтан да А.Невзоровтың пікірінше, Дүниежүзілік универсиада сынды мұндай ауқымдағы іс-шара қазақстандық спортшыларды ынталандырумен қатар адамдардың қысқы спорт түрлерін мейлінше тани түсуге септігін тигізеді. Бұған қоса, қалада спортшыларды дайындауға қажетті инфрақұрылымның кеңейе түсуіне де септігін тигізеді.

«Дегенмен, біз тек спортшылар ғана емес, жаттықтырушы құраммен де проблема бар. Яғни, қайта құрудың қиын жылдарынан бері посткеңестік уақыттың жаттықтырушылар базасымен келе жатырмыз. Ал жас буын спортқа, әсіресе, тау шаңғысы, шаңғы жарысы, сноуборд пен фристайлға бара бермейді. Демек, кадрлар тапшылығы байқалуда. Ал мұндай форумдар спртшылармен қатар жаттықтырушылардың өздерінің де өсуіне ықпал етеді. Олар көреді, үйренеді, тәжірибе алмасады. Бұл олардың одан ары дамуына ынталандырады», - деді А.Невзоров.

Алматыда өтетін Универсиада-2017 ойындары Қазақстан тарихындағы ірі спорттық шара болып саналады. Алматы Халықаралық қысқы студенттік ойындар өтетін ТДМ елдері арасындағы ең бірінші қала болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или