Ержан Залилов Арнольд Хегаймен тең түсті

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой бокшы Ержан Залилов Мәскеуде украиналық Арнольд Хегаймен жекпе-жек өткізіп, тең түсті.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, сегіз раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер ұпай саны бойынша қос боксшы арасындағы кездесуде тең нәтиже тіркеді. Осыған дейін Ержан шаршы алаңда 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ал Арнольд Хегай осал қарсылас емес еді. Спорттық мансабындағы 5 кездесуінде де жеңіске жеткен. Оның 4-ін мезгілінен бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, Ержан Залиловтың келесі кездесуі өтетін уақыт та белгілі. 22 жастағы қазақстандық боксшы 18 маусым күні Валенсияда (Испания) колумбиялық Джефферсон Варгаспен жұдырықтасады. Ол кәсіпқой рингте 3 кездесу өткізіп, 2-еуінде жеңіліс тапқан. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или