2 мамырда «Алматы Барысы» өтеді

2 мамырда «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ұлттық спорт түрі қазақша күрестен «Алматы Барысы» атты ауқымды қалалық турнир өтеді.

Алматының «ең мықты балуаны» атағына 8 ауданнан 24 спортшы таласады. Олардың қатарында Виктор Демьяненко, Жайдар Сайлаубаев, Акжол Медетов секілді көптеген жарыстардың жүлдегерлері бар. «Алматы Барысы» белбеуіне ие болған балуан алдағы уақытта республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде Алматының намысын қорғайды.

Айта кетейік, аталмыш жарыс 2 мамырда сағат 16:00-де басталады, өтетін орны - Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или