Әлия Юсупова спорттағы рушылдық пен жершілдікке шамданды

Әлия Юсупова спорттағы рушылдық пен жершілдікке шамданды

Шымкенттік Сәбина Әшірбаева көркем гимнастикадан  Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды, -деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

«Білесіздер ме, лицензия ұтып алу, әрине өте қиын. Бұл қазақстандық гимнаст қыздардың тарихында алғаш рет болып отыр. Енді лицензия ұтып алған 17 жастағы гимнастшы Олимпиада ойындарына қатысатын болады! Бұл тамаша сәттілік!», - деді бас бапкер Әлия Юсупова.

«Бізді әуежайда астаналық және шымкенттік бапкерлер күтіп алды. Астаналық жаттықтырушы шымкенттікке: «Сен Юсупова мен Әшірбаваға гүл сатып ал, сен де Шымкенттіксің ғой» депті. Бірақ біз лицензияны ұтып алғанда қай облыстан екенімізді ойламадық қой, бастысы Қазақстаннан Риоға жолдама алдық», - дейді Әлия.

Жасөспірімдер арасындағы Азия Чемпионаты басталды. Алайда спортшы мен оның бапкері бұл жолда да кедергілер көріпті.

«Гимнастика Федерациясы тізімге Сәбина Әшірбаеваны қоспапты. Мен қоңырау шалып, Сәбинаның Риоға лицензия ұтып алғанын, оны тізімге қосу керектігін айттым. Ал олар менің сөзіме сенбеді. «Тізімге қосамыз, бірақ хабарламаймыз» деген соң, біз қатысудан бас тарттық», - дейді бас бапкер.

«Тек қана Астананың гимнастшылары киімді тегін алады, тегін жаттығады, оқу-жаттығу лагеріне тегін жолдама алады. Бұл дұрыс емес қой», - деп шамданады Әлия Юсупова.

"Бір ғана мәселе, жершілдік, рушылдықтың спортқа араласа бастауын қазірден қатаң бақылауға алатын кез жетті", - дейді 2 бірдей Олимпиадада Қазақстан намысын абыроймен қорғаған Юсупова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или