Хильберто Рамирес: «Мен - нағыз мексикалықпын және Головкинмен жекпе-жекке дайынмын»

WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хильберто Рамирес Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

- Біз алға ұмтыламыз. Мен нағыз мексикалықпын және онымен жекпе-жекке шығуға дайынмын, - деді Рамирес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Рамирестің промоутері Хесус Сапаридің айтуынша, Головкинмен кездесу Рамирестің жаңа деңгейге өтуіне мүмкіндік береді.

- Бізге мұндай жекпе-жек ұнайды, біз осыны қалаймыз. Бұл Головкин үшін оңай айқас болады деп ойламаймын. Бұл Рамирестің жаңа белестерді бағындыруына мүмкіндік беретін кездесу болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или