Қайрат Закирьянов: «Алматыны спорт орталығына айналдыру қажет»

Қазақстан студенттер спорты федерациясының басшысы Қайрат Закирьянов Универсиаданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында қысқы ойындарға қатысатын студенттердің есімдері белгілі екендігін айтып берді.

– Қайрат Қайроллаұлы, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Қысқы Универсиаданы өткізгелі жатыр. Бұл жарыстар өзінің масштабы мен беделі бойынша Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші орынды алады. Универсиаданы біздің елімізде өткізу жайлы идея қалай туындағанын айтып берсеңіз?

– Универсиаданы Қазақстанда өткізу туралы идея осыдан 10 жыл бұрын туындаған. 2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізуге мүмкіндік алғаннан кейін, сол сәтке дейін қажетті жабдықтар салынып болатындықтан, 2007 жылы біз Қысқы Универсиаданы Қазақстанда өткізуге дайындықты бастадық.

2011 жылдың қарашасында Алматы мен Италияның Трентино қалаларының бірін таңдауға байланысты, Брюсселде FISU орындаушы комитетінің отырысы өтті. FISU-дің дәстүрі бойынша, отырыс алдында дауыс беріліп, Алматы көпшіліктің қолдауына ие болды. Дауыс беру басталғанға дейінгі үш күн бұрын Трентино қаласы өзінің кандидатурасынан бас тартты. Солай біз жарысты өткізуге мүмкіндік алдық, біздің Елбасымыздың қолдауының арқасында Универсиада-2017 Алматыда өтеді. Ол кісінің үмітін ақтаймыз деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін рекорд орнатылды: 64 мемлекет өздерінің жарысқа қатысатындарын мәлімдеді. Салыстырмалы түрде испан қаласы Гранадада өткен соңғы студенттер ойынына 42 мемлекет қатысқан. Ең үлкен көрсеткіш 2011 жылы Түркияның Эрзурум қаласындағы ойында тіркелген, яғни 52 ел қатысқан, ал қазір 12 мемлекетке басым түсіп отырмыз.

– Алматыдағы Универсиаданы өткізуге шамамен 9 ай қалды. Қазір Қазақстандық студенттердің Универсиадаға дайындығы қалай жүріп жатыр?

– Қазақстан құрамасы дайын деуге болады, қатысушылардың 90%-ның есімі белгілі. Алматыда қысқы Республикалық Универсиада тестілеу жарысын өткіздік. Осы сайыстың жүлдегерлері бүкіләлемдік Универсиадаға қатысады. Осы жарыстар көрсеткішін ескерсек, Қазақстан құрамасындағы спортшылар саны 120-дай адам. Гранадада спорттың 12 түрінің, 7 түрі бойынша Қазақстан құрамасы бақ сынаса, осы жолы барлық 12 түрінен де қатысатын боламыз.

– Алматыға әртүрлі мемлекеттерден 2 мыңнан астам спортшылар келеді. Алматы қаласының спорттық инфрақұрылымын қалай бағалайсыз?

– Алматы қаласының әкімшілігі мен студенттер спортының федерациясы тарапынан бірталай жұмыстар жасалды. Универсиаданың пайдасы сол, қала үлкен өзгерістерге тап болады: 12-мыңдық және 3-мың адамға арналған Мұз ареналары, Атлеттер қалашығы салынып жатыр. Сондай-ақ, инфрақұрылымның басқа да сұрақтары шешілуде: экология, көлік және т.б. Менің ойымша, қала туристері үшін Алматы көз тартарлық қала болады және таулармен қоршалған керемет мекенде орналасқан Алматыны бүкіл әлем білетін болады. Ақпан айында өткен отырыста Нұрсұлтан Әбішұлы Универсиада аяқталғаннан кейін барлық нысандар тұрғындар үшін, біздің жастар үшін жұмыс істеу керектігін айтып өтті. Мысалға, Әлем кубогы сияқты халықаралық жарыстар өткен шаңғы-биатлон стадионы мен “Сұңқар» ХТК, Азия ойындарынан бізге мұраға қалды.

– Қазақстандағы қазіргі студенттер спортының дамуын қалай бағалайсыз?

– Бүгін Қазақстандағы студенттер спортының деңгейі биік деп айта алмаймыз, дегенмен біздің студенттер өткен қысқы Универсиадада жақсы нәтиже қөрсетіп, 5 алтын медальмен Ресей мен Оңтүстік Кореядан кейінгі орынға жайғасты, яғни алғаш рет үздік үштікке кірді. Гванджудағы жазғы Универсиадада 164 мемлекеттің ішінен 11-ші орынды иелендік, бұл да жақсы көрсеткіш. Жалпы алғанда, бізде студенттер спортын дамыту механизмінің нақты дамыту жүйесі жоқ, бұл Универсиадада біз осындай құрылым құрамыз. Біз барлық университеттерде сол ЖОО-ғы спорттық өмірді ұйымдастыратын заңды тұлғаның құқығымен спорттық клубтар құрамыз. Сосын бұл спорттық клубтар студенттік лигаларды тағайындайды, мысалы біз осы уақытқа дейін екі студенттік лиганы тағайындадық- баскетбол және футзал бойынша. Бізде қысқы Универсиада мен студенттер арасындағы Әлем чемпионатында болатын спорттың барлық түрінен студенттік лигалар құрылатын болады. Мысалға, дамыған университеттердің спорттық клубтары футзал бойынша студенттік лигаға кіреді. Олар республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаздары Азия чемпионатына, Әлем чемпионатына және бүкіләлемдік Универсиадаға барады. Өткен жылы біз футзал бойынша жарыс ұйымдастырдық, оның жеңімпаздары болған-Қазақстан халықтар достастығы университеті 21 сәуірде ашылатын Азия чемпионатына қатысады. Бүгінде біз екі құраманы (ерлер және әйелдер) Бразилияның Гоян қаласында өтетін футзал бойынша XV студенттер арасындағы Әлем чемпионатына дайындап жатырмыз. Ал келесі чемпионат Қазақтанда, Алматы қаласында өтеді. Осы спорт түрінің Қазақстанда жақсы дамып жатқанын FISU көріп отыр. Студеттік лига спорт түрлерінен, Ұлттық Олимпиадалық комитет федерациясының аналогы болатынын атап өткім келеді. Студенттік лигалар өзара жарыстар өткізіп, мықтыларды анықтайтын заңды тұлғаларды біріктіреді. Барлық лигалар студенттер спорт федерациясының құрамына кіреді. Біз халықаралық дәрежедегі додаларға жолдама береміз. Осылайша, біз студенттер спортын дұрыс жолға саламыз деп үміттенемін. Оқушылар мен студенттер арасындағы жаппай спорттың дамып, бәсекелестік орын алып, олардың ішінен таңдау жасауға болатын кезде бізге шетелден спортшылар шақыру қажеттілігі туындамайтын болады. Универсиадаға арнап салынған нысандарда дайындық тек қана қысқы спорт түрлерін болмайды. Біз жазғы да, қысқы да спорт түрлерін дамытпақпыз. Біз FISU берген мүмкіндікті пайдаланып және Алматыны спорт орталығына айналдыра білуміз керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или