Абель Санчес: «Канело» Головкинмен кездеспесе, мексикалықтардың Альварестен көңілі қалады»

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтуынша, егерде Канело қазақстандық боксшымен жұдырықтаспаса, онда мексикалықтардың Сауль Альварестен көңілі қалады, деп хабарлайды championat.com.

«Альварес Головкиннен қорқып жүр деп ойламаймын. Сауль - батыл жігіт. Бірақ қазіргі бокс - бұл бизнес. Мексикалықтар өз батырынан нағыз ерлік күтеді. Егерде, Альварес Головкинмен жұдырықтаспаса, онда мексикалықтардың Саульден көңілі қалады...», — деді Санчес BoxingScene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, 7-ші мамыр күні Альварес британиялық Әмір Ханмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы келесі кездесуін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізуге міндетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или